Жаңа Конституция қоғам талқысынан өтуді жалғастырады

100

Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова жаңа Конституция жобасын талқылау үдерісі ашық форматта жалғасатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Жаңа Конституция қоғам талқысынан өтуді жалғастырады Фото: Конституциялық сот

Оның айтуынша, құжат қоғам назарында болып, азаматтардың ұсыныстары комиссия жұмысының маңызды бөлігіне айналып отыр.

Қазіргі таңда Конституциялық комиссияның хатшылығына e-Өтініш платформасы арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс түскен. Олардың қатарында жалпы қолдау білдірген пікірлермен бірге, жекелеген баптардың мазмұнын нақтылауға және редакциясын жетілдіруге бағытталған тұжырымды ұсыныстар да бар.

Эльвира Әзімованың айтуынша, алдыңғы отырыстарда басталған пікір алмасу ары қарай да жалғасады. Бұл – қоғам өкілдерінің жаңа Конституцияны саналы әрі белсенді түрде талқылап отырғанын көрсетеді.

Сонымен қатар Конституциялық комиссия мүшелері алдағы кезеңде де жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, кәсіби әрі мазмұнды диалогқа басымдық беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу