Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді

434

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Жаңа Конституция күшіне енген күні Қазақстанда 857 сәби дүниеге келді Фото: ЖИ

1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, бұл күн мемлекет тарихындағы маңызды оқиғамен қатар жүздеген отбасы үшін есте қаларлық ерекше мерекеге айналды.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, өмірге келген нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында егіз сәбилер дүниеге келді.

Денсаулық сақтау министрлігі әрбір сәбидің дүниеге келуі елдің жарқын болашағының белгісі екенін атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні туған балалар елдің жаңа даму кезеңімен сабақтасқан ерекше символдық мәнге ие.

Министрлік жас ата-аналарды қуанышты оқиғамен құттықтап, сәбилерге зор денсаулық, амандық және бақытты балалық шақ тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу