Саясаттанушы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында болашақ бірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігіне қатысты да ұсынысын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, тағайындауға Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі кіреді.
– "Таратады" деген сөз саяси жүйеде қатал үдерісті білдіреді, бұл депутаттар мен басқа органдар үшін қысымды арттыруы мүмкін. Сол себепті, мен оны алып тастап, келісімге келу мүмкіндігін қалдыру үшін "таратуға құқылы" деген тұжырымды қолдануды ұсынамын. Бұл ұсыныс "Президент" бөліміндегі 46-баптың 2, 4, 8-тармақтарына және "Құрылтай" бөліміндегі 62-баптың 1, 2-тармақтарына қатысты. Осылайша, саяси жүйе икемді әрі ымыраға келуге бейімделеді, – деді ол.
Марат Шибұтов жаңа Конституцияға енгізілген әрбір тұжырым Конституциялық комиссияда жан-жақты талқылаудан өткенін, ашық қоғамдық бағалаумен сүйемелденгенін атап өтті.
– Нәтижесінде қазіргі кезеңде бізде түрлі сала сарапшыларының бірлескен еңбегі, әртүрлі көзқарас, тәжірибе мен дүниетаным нәтижесінде жасалған жоба бар. Сондықтан да, менің ойымша, Ата заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге толық дайын, – деп сөзін қорытындылады Марат Шибұтов.