Жаңа коронавирус 2002 жылғы атипиялық пневмониядан асып түсуі мүмкін

1881

17 жыл бұрынғы эпидемиядан 813 адам қаза тапқан болатын.

Жаңа коронавирус 2002 жылғы атипиялық пневмониядан асып түсуі мүмкін

Қытайдың Ухань қаласынан тараған жаңа коронавирустың атипиялық пневмониямен(SARS) ұқсас келуі халықтың үрейін ұшырып отыр. 2002-2003 жылдары Қытай мен Гонконгта етек жайған атипиялық пневмония немесе ауыр жіті респираторлы синдром салдарынан 813 адам қаза болып, 8437 кісі аурудың вирусын жұқтырып алған болатын. Бұл дерт түрі 2002 жылдың қараша айында Қытайдың Гуандун провинциясында тіркелген. Оның қоздырғышы – SARS деп аталатын коронавирус. Ағзада көбейген бұл вирус өкпе альвеолаларының жасушаларын құртады. Бастапқыда Қытай билігі эпидемияны жасырып, ол туралы ақпараттың жариялануына жол бермеген. Бірақ іс насырға шауып, екі айдың ішінде вирус Гонконг пен Вьетнамға, 2003 жылдың ақпан айында басқа елдерге тарап кеткен еді. 

Ал Хубей провинциясынан тараған вирус салдарынан қаза болғандардың саны соңғы мәлімет бойынша 170-ке, ал жаңа коронавирусты жұқтырғандардың қатары 7736-ға жеткен, деп хабарлайдың Қытайдың CGTN басылымы. 

Ескере кететін жайт, карантин басталмас бұрын Ухань қаласынының 5 миллионға жуық тұрғыны шаһардан кетіп қалған. South China Morning Post дерегіне сүйенсек, олардың басым бөлігі Хубей провинциясының өзге елдімекендеріне бет алған. 

Жаңа коронавирусты жұқтырғандардың кейбіреулерінде ешқандай симптом болмайды. Ал кей адамдарда, керісінше, қатты байқалуы мүмкін. Екі жасқа толмаған сәбилер мен жасы 65-тен асқан иммунитеті әлсіреген адамдардың өкпесін коронавирус қатты қабындырып, көп жағдайда арты пневмонияға әкеліп соғады.

Мына суретте вирус шоғырланатын органдар қызылмен белгіленген. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу