Жаңа коронавирус Литваға да жетті

1106

Қытайда қаза болғандардың саны 2791 болды.

Жаңа коронавирус Литваға да жетті

Литва елінде бірінші коронавирус жұқтыру фактісі тіркелді. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Науқас Шяуляй қаласындағы ауруханаға арнайы оқшауланған палатаға жатқызылды. Ресми дерекке сүйенсек, ол инфекцияны Италияның Верона қаласында жұқтырып алған екен. 

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының соңғы мәліметі бойынша, Қытайда вирусты жұқтырғандардың саны 78959-ға, қаза болғандардың саны 2791-ге жеткен. 39157 кісі тиісті ем-дом қабылдап, жазылған екен. 

Ал басқа шет елдердегі науқастардың саны 4100-ден асса, оның 67-сі аурудан көз жұмған. Оңтүстік Кореяда 1766 кісінің ағзасынан Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус табылса, оның 13-і ауруды асқындырып, жан тапсырыпты. 

Ал Иранда марқұмдардың саны 26 болды. Вирус жұқтырған 270 кісінің қатарында елдің денсаулық сақтау министрлігінің орынбасары бар екені жарияланды. Италияда 528 жұқтыру фактісі тіркелсе, оның 14-і қаза болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу