Президент Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберді

888

Алайда қазіргі Үкімет өз міндетін жаңа құрам бекітілгенге дейін атқармақ.    

Президент Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберді Фото: primeminister.kz

29 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу