Жаңа курорттық қалашық салынбақ

1028

Жаңа курорттық қалашық салынбақ

Қазір Бурабайды дамытуға арналған кешенді бағдарламаның үшінші кезеңі жүзеге асып жатыр. 2020 жылға дейін жоспарланған шараларға 61 миллиард теңге қарастырылған. Жоспар бойынша елімізде жаңа курортық қалашық салынады. Бұл мәселе Астанада осы аймақты дамытуға арналған жиында айтылды, деп хабарлайды "Qazaqstan" ұлттық арнасы.

"Бурабай аймағындағы аумағы 233 гектар Үлкен шабақ көлі мен Текке көлінде жаңа курорттық қалашық салынбақ. Бұл инвестициялық жоба. Инвесторларды, қалталы азаматтарды осы жобаға қатысуға шақырамыз", - дейді "Бурабай-Даму" серіктестігінің директоры Ғалымжан Әбдіхалықов.

Куротты аймақты дамыту үшін әуелі Бурабай кенті мен Щучье қаласындағы жолдар жөнделеді. Табиғаты әсем аймақтың инфрақұрылымының жетілдіріліп, көпшілікке қолайлы жағдай жасалуы жергілікті тұрғындарды қуантып отыр. Жаңа қалашықта спорттық және сауықтыру орталықтары, аквапарк, шаңғы базасы және қонақүйлер бой көтереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу