Жаңа құрылған үш аймақ көліктерінің цифрлық кодтары белгілі болды

822

Көліктердің цифрлық кодтары ретімен беріледі. 

Жаңа құрылған үш аймақ көліктерінің цифрлық кодтары белгілі болды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

8 маусымда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы қаулы күшіне енді.  Семей – Абай өңірінің орталығы, Қонаев (бұрынғы Қапшағай) – Жетісу облысының орталығы, Жезқазған – Ұлытау облысының орталығы болды.

Жаңа өңірлер құрылғаннан бері қазақстандықтарды аймақтар қандай цифрлық кодтар алады деген сұрақ мазалап жүр.

Әлібек Қуантыров автокөліктерге цифрлық кодтарды беру бойынша соңғы шешімді Ішкі істер министрлігі қабылдайтынын атап өтті.

"Бұл алфавит бойынша 18-ші, 19-шы, 20-шы сандар болуы мүмкін", – деді министр.

Сонымен Абай ауданының жүргізушілері 18-ші облыс, Жетісу өңірі – 19-шы, Ұлытау өңірі – 20-шы аймақтың нөмірлерімен жүретін болады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өңірлердің көлік нөмірлерінің индекстері келесідей бөлінеді:
Нұр-Сұлтан – 01, Алматы – 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы – 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысында - 06, Батыс Қазақстан облысында – 07, Жамбыл облысында – 08, Қарағанды ​​облысында – 09, Қостанай облысында – 10, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысында – 12, Түркістан облысында – 13, Павлодар облысында – 14, Солтүстік Қазақстан облысында – 15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент – 17.

Биылғы жылдың 16 наурызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында жаңа үш облыс құру туралы бастама көтерген болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу