Жаңа Құрылыс кодексін әзірлеуге 363 млн теңге кеткен

322

Бұған дейінгі нұсқада техникалық тұрғыдағы қателіктер анықталған.   

Жаңа Құрылыс кодексін әзірлеуге 363 млн теңге кеткен Фото: ku.edu.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәжіліс кулуарында жаңа Құрылыс кодексі қанша қаражатты талап еткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа кодексте ешқандай лобби жоқ. Бағасына келсек, жалпы кодекс әзірлеуге 363 млн теңге бөлінді. Тексерістен өтті. Бастапқыда кодексті әзірлеу үшін конкурс өткізу жоспарланған болатын. Барлық келіп түскен ұсыныстар бойынша бірінші кезеңде (кодекс жобасы) шамамен 1 млрд теңгеге дейін жобаланды. Біздің ведомствоға қарасты ұйым ең төмен сома ұсынды. Кейін мемлекеттік сатып алулар аясында өткізіп, сома 363 млн теңгеге дейін азайтылды. Жалпы алғанда, қаржылық бұзушылықтар анықталмады. Техникалық тұрғыдағы қателіктер болды. Бұл үшін министрліктің тиісті қызметкері жазаланды", – деді Ерсайын Нағаспаев журналистердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, бұған дейін қалаларда бір және екі бөлмелі пәтерлер жиі салынатынын жазғанбыз. Құрылыс саласындағы көптеген ережелер Кеңес кезінен қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу