Жаңа құрылыс материалдары сыналды

2407

Жаңа құрылыс материалдары сыналды

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми - зерттеу және жобалау институтының орталық ғылыми -зертханасының базасында Қазақстан Республикасының аумағында құрылысқа пайдаланылатын жаңа құрылыс материалдары сыналды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Сынаулар барысында, дірілдеткіш машинаның көмегімен ғимараттың фрагменті кернеулік күйге енгізілді және 9-баллдық жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық әсермен салыстыруға болатын динамикалық жүктемені өткерді.

"Біздің міндетіміз құрылыс конструкцияларын қирауға дейін жеткізу болған жоқ, алайда осы панельдерге түскен жүктемелер шынайы 9-баллдық жер сілкінісі кезінде болатын жүктемелерден асып түсті. Динамикалық жүктемеден басқа, жер сілкінісі кезінде байқауға болатын қабаттардың горизонталды көлбеуленуі пайда болады. Осылайша, ұқсас вибродинамикалық сынаулар тексеруден сәтті өткен құрылыс материалдарын кез-келген биіктіктегі ғимараттарға қолдануға болатынына кепілдік береді",- деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ көпқабаттылық зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Игорь Ицков.

Өз кезегінде, SAPATEK Алматы үй құрылысы комбинатының техникалық директоры Сергей Чуднов бұл конструкциялар қайда қолданылатынын айтып берді.

"ҚазҚСҒЗИ-мен біз көптен бері серіктеспіз. Өткен жылы біздің аспалы қабырғалық панельдерімізді сынадық, осы жылы кіріктірілген қабырғалық панельдерді сынадық. Бұл конструкциялар көп қабатты тұрғын ғимараттары үшін сыртқы конструкцияларды қоршайтын құрылыста пайдаланылады",-деді Сергей Чуднов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу