Жаңа қызметке жайғасқан Бағдат Мусин маңызды мәлімдеме жасады

374

Бұрынғы министр "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Жаңа қызметке жайғасқан Бағдат Мусин маңызды мәлімдеме жасады Фото: obk.kz

Экс-министр Бағдат Мусин жаңа қызметі туралы Instagram әлеуметтік желіcіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. "Қазақтелеком" АҚ — негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз, – деп жазды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу