Жаңа мектеп құрылысы ауылдағы мектеп мәселесін шешеді

147

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында мектеп құрылысына 2 млрд теңге көлемінде қаражат керек. 

Жаңа мектеп құрылысы ауылдағы мектеп мәселесін шешеді Фото: Obzor.io

Бұл жергілікті балалар үшін орта білімге қолжетімділік мәселесін шешеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында мектеп құрылысына 2 млрд теңге бөлу жергілікті балалар үшін орта білімге қолжетімділік мәселесін шешпек. 

Қазіргі уақытта ауылда тек бастауыш мектеп қана жұмыс істейді. Оқуды жалғастыру үшін ата-аналар балаларын көршілес аудандарға апаруға мәжбүр. Жаңа мектепте балалардың сапалы білім алуы үшін барлық талапқа сай жағдай жасалады.

 "Бізде тек бастауыш сыныптарға арналған мектеп қана бар. Оны аяқтаған соң, оқуын жалғастыру үшін балаларымызды басқа аудандарға тасуға мәжбүр болдық. Біздің ауылда жаңа мектептің салынатыны туралы жаңалық біз үшін үлкен қуаныш",  дейді Жамансор ауылының тұрғыны Алмагүл Аманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу