Мердігерлерге қойылатын мұндай талаптарды "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының бірыңғай операторы "Samruk-Kazyna Construction" компаниясы белгілеп отыр, деп жазады inbusiness.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздегі мектептер негізінен КСРО кезінде салынған, көпшілігі ерекше балалар үшін өте қолайсыз. Жаңа мектептерді барлық оқушының қажеттілігін ескере отырып, заманауи технологияларды қолданып салу жоспарланды. Кедергісіз, ыңғайлы кеңістік: арнайы пандустар, лифтілер, дәретхана бөлмелері болады.
Сондай-ақ әрбір мектепте инклюзив білім беру кабинеті болуы керек. Мұның бәрі балалардың қоғамға жақсырақ бейімделуіне қажет алғышарттармен қамтамасыз етеді.