Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған Жаслан Мәдиев ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін көтере беруге ант етемін", - деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу