Жаңа министр де Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озғанын айтты

260

Маған ең маңыздысы — Қазақстандағы интернеттің жақсы болуы, деді ол. 

Жаңа министр де Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озғанын айтты Фото: Үкімет

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елдегі интернет сапасына өз бағасын берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен Токионың жылдамдығын өлшеген емеспін. Маған ең маңыздысы — Қазақстандағы интернеттің жақсы болуы. Сол үшін жұмыс істеймін", — деді министр.

Тілшілер ведомство басшысынан елдегі интернеттің қазіргі жылдамдығына қандай баға беретінін сұрады. 

"Интернет сапасы жақсы жерлер де бар, орташа жерлер де бар. Сапасы төмен жерлерді тексереміз де, жақсарту үшін жұмыс істейміз", — дейді министр. 

Сондай-ақ, "Интернет сапасына көңіліңіз тола ма?" деген сұраққа да министр:

"Назарға алып, жұмыс істейміз, біраз мәселе бар" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу