"Мен кеше ғана жұмысқа түстім. Сондықтан маған бір айдай уақыт беріңіздер. Содан кейін сіздердің алдарыңызға шығып, қажетті сұрақтарыңыздың бәріне жауап беруге даяр боламын", – деді Тамара Дүйсенова.
Министр сөз соңында "әрдайым жұмыс істеп келе жатқанын" айтып өтті.
Еске сала кетсек, 2018 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев сол тұста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Тамара Дүйсеноваға "сен шаршап қалдың ба?" деп, нақты тапсырмаларды орындауы керектігін ескерткен еді. Осыдан кейін Тамара Дүйсенова көп өтпей министр лауазымынан босатылған.