Жаңа министрлер адал қызмет етуге ант берді

1280

Олар: Күләш Шамшидинова, Роман Скляр, Сапархан Омаров, Руслан Дәленов.

Жаңа министрлер адал қызмет етуге ант берді

Премьер-министр Асқар Мамин ел тарихындағы 11-ші үкіметтің тұңғыш отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Отырыста "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңында көрсетілген талапты орындау үшін үкімет құрамына алғаш кіріп отырған министрлердің ант беру рәсімі өткізілді. Атап айтқанда, білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов адал қызмет етуге "ант-су ішті".

"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз отаным Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессиялық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін! Ант етемін!" – деді олар.

Өзге он бір министр бұдан бұрынғы үкіметте министр ретінде ант беріп қойғандықтан, олардан қайтара ант қабылдау талап етілмеді. 

Асқар Мамин үкіметтің жаңа мүшелеріне жаңа лауазымдарында табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу