Жаңа министрлік пен агенттіктер қысқарту жоспарына әсер етпейді – Анар Жайылғанова

922

Жаңадан құрылған Төтенше жағдайлар министрлігі мен қос бірдей агенттікке бюджеттен қосымша қаржы шығындалмайды.

Жаңа министрлік пен агенттіктер қысқарту жоспарына әсер етпейді – Анар Жайылғанова

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қалай жасақталатынын түсіндірді.

"Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік туралы айтсақ, бұған дейін ІІМ құрамында комитет болған. Енді осы комитет ІІМ құрамынан шығарылып, дербес министрлікке айналды. Яғни бұл жағдайда ешқандай қосымша бюджет қаражаты, қосымша штат бөлінбейді. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау агенттігінде де осыған ұқсас жағдай. Оларға қазір бар мемлекеттік органдардың функциялары мен штаттарын беру жоспарланып отыр. Яғни, жаңа штаттар құрмай-ақ, алдыңғы мемлекеттік органның бюджеті мен штат саны сол күйінде қалады", - деді агенттік басшысы

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу