Жаңа министрліктердің пайда болуымен бюджет шығысы қаншаға артады?

419

Жаңадан құрылған ведомстволар бір айдың ішінде бөлінеді.

Жаңа министрліктердің пайда болуымен бюджет шығысы қаншаға артады? Фото: inbusiness.kz

Бүгінгі таңда бұл бағыттағы есептеулер әлі толық бітпеген. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір біз толығымен есептеулер жүргізген жоқпыз. Өздеріңізге белгілі, бүгін ғана Үкіметтің жаңартылған құрамының бірінші отырысы болды. Онда Жолдауды орындауға тапсырмалар толығымен талқыланды. Жаңа министрліктерді бір айдың ішінде бөлеміз. Ол да біраз процедура. Сосын қосымша шығындардың бәрін есептейміз", - деді ол.

Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы Мәжілістің қарауына енгізілген. 11 қыркүйекте оның тұсаукесері болады, деп жалғастырды министр.

"Егер де қандай да қосымша қаражат болса, құжат Мәжіліс немесе Сенаттың қарауына барған кезде қосымша шығындарды қарастырамыз. Жаңа министрліктер деген аты болмаса, ол ескі министрліктерден бөлініп шыққан. Сондықтан да біздің ұстанымымыз – бар қаражат көлемінде сол министрліктерді бөлу", - деді Қаржы министрі тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу