Каспий Құбыр консорциумының Шығыс аймағындағы жаңа мұнай айдау станциясы іске қосылды, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.
А-НПС-3А қосу арқылы Ресей мен Қазақстанның, сондай-ақ жетекші мұнай өндіруші компаниялардың қатысуымен мұнай тасымалдауға арналған ірі халықаралық инвестициялық жоба – Қазақстан аумағында Каспий құбыр консорциумының кеңейту жобасын жүзеге асыру аяқталды.
Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың үштен екіден астамы тасымалданатын Теңіз - Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу