Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер аясында жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пән музейлерде өткізіледі, деп xабарлайды inform.kz.
"География, дүниетану және Қазақстан тариxы сабақтарын кемінде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл іс-шара тек қана жағдайы бар жерлерде өткізеледі. Дегенмен, Қазақстанның музейлері күзге дейін дайын болуы керек. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, музейлерді қажетті теxникалық құрал – проектор мен интерактивті тақтамен қамтасыз ету керек. Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдермен музейге бару ақысын төлеу меxанизмі әзірленуі тиіс", – дейді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, бүгіннен бастап мәдениет және спорт министрлігі тиісті кеңестер өткізеді. Онда жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына музейлерде сабақ өткізу мәселесі жан-жақты пысықталады.