Жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасы 3 жаңа міндетті курспен толығады

Бұл туралы Астанада өткен негізгі және жалпы орта білім беру педагогтерінің республикалық жазғы сессиясында айтылды.

Жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасы 3 жаңа міндетті курспен толығады Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Осылайша, жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектептерде бірнеше жаңа міндетті курс оқытыла бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордада өткен басқосуға елдің барлық 20 өңірінен 300-ге жуық педагог, білім басқармаларының мамандары, әдістемелік орталық өкілдері, мектеп әкімшілігі мен 5-11-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер қатысты.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылында білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын негізгі өзгерістерді сөз етіп, жаңашылдықтарды барлық өңірде бірізді әрі сапалы енгізудің маңызына тоқталды.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған жазғы сессияда білім беру мазмұнын жетілдіру, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және жаңа оқу бағдарламаларын тәжірибеге енгізу жолдары талқыланды.

Пленарлық жиын мен тақырыптық кездесулер барысында Конституция құндылықтарын білім беру үдерісіне енгізу, "Адал азамат" тәрбие бағдарламасы, "Таза Қазақстан" бастамасы, "Заң мен тәртіп" қағидаты, жаңартылған оқу бағдарламалары, бағалаудың жаңа тәсілдері және жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселелері қарастырылған.

2026-2027 оқу жылынан бастап 5-7-сыныптарда "Конституция негіздері", 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп", ал 5-11-сыныптарда "Жеке қауіпсіздік" атты міндетті курстар енгізілмек. Сонымен бірге, "Құқық негіздері" пәнінің мазмұны жаңартылып, оқушылардың құқықтық сауаты мен азаматтық мәдениетін дамытуға басымдық беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу