Демек, кезекті білім процесіне дайындық қазірден пысықталуы тиіс. Былтырғыдай емес, биыл балалар дәстүрлі форматта, яғни мектеп партасында отырып, дәрістерін жалғастыруы тиіс. Осы тұста, ата-аналардың басы қатып, арнайы форма аламыз ба, жоқ па, деген мәселе туындауда. Әрине, форманы кигізуді қалағаны да, қолдамай жатқаны да бар. Сондықтан бұл сұраққа Бас мұғалімнің өзі фейсбуктегі парақшасында жауап беріп, тоқ етерін айтқандай болыпты. Қысқасы, биыл оқушыларға тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге рұқсат берілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу