Жаңа оқу жылында солтүстік өңірлерде оқуға оңтүстіктен бірде-бір түлек ынта білдірмеген

842

Еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстігіне білім іздеп келген студенттер жылы киім сатып алатын көтерме қаражатпен, жол шығынына төленетін өтемақымен және ыстық тамақпен қамтылмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz депутат Нұржан Нұрсипатовтың сенатта сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.   

Жаңа оқу жылында солтүстік өңірлерде оқуға оңтүстіктен бірде-бір түлек ынта білдірмеген

Депутаттың айтуынша, қазір оңтүстіктен солтүстікке келген студенттер жалпы негізде ғана қаржыландырылады. Бұған Білім және ғылым министрлігінің "2014 жылғы "Оңтүстік өңірлерден келген жастар арасынан мемлекеттік тапсырысқа сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бойынша бір маманды даярлауға арналған шығындарды есептеу тәртібін бекіту туралы" бұйрығының күші жойылуы себеп болып отыр. 

"Серпін-2050" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2014-2019 жылдары еліміздің солтүстігінде орналасқан колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілердің саны артты. Алайда өткен жылы жағдай түбегейлі өзгерді. Бұрын оңтүстік өңірлерден келген студенттер жылы киім сатып алу үшін көтерме қаражатпен, оқу орнына бару және кері қайту жолақысы үшін толық көлемде өтемақымен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін. Қазір мұндай жағдай жасалмайды. Жеңілдіктің алынып тасталуы оңтүстік өңірден келген түлектердің солтүстік өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға деген ынтасын жоғалтып жатыр. 2020-2021 жылдары жаңа талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмады", – деді Нұржан Нұрсипатов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу