"Жаңа оқу жылының басталуына байланысты министрлік оқушылар арасында сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізуде. Бүгінде 9 185 КВИ жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл – оқушылардың жалпы санының 0,26 пайызы. Ал байланыста болғандар саны 102 мыңнан астам. Оның ішінде 624-і оң нәтиже көрсетті", – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуы бойынша, студенттер арасында 1 282 жағдай анықталған. Оның ішінде 935-і орта оқу орындарының студенттері арасында, ал 347 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында.
"Яғни орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,2 пайызы, жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,08 пайызы КВИ жұқтырған. Студенттердің арасында ауырғандардың аз тіркелуі – вакцинаның пайдалы екенін көрсетеді деуге болады", – деді Алексей Цой.