Жаңа оқу жылындағы студенттердің саны 650 мыңға жуықтайды

319

Биыл 188 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. 

Жаңа оқу жылындағы студенттердің саны 650 мыңға жуықтайды Фото: Павел Михеев

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл мектепті  188 000-нан астам түлек бітірді. Олардың 140 000-ға жуығы жоғары оқу орындарына бірінші курсқа келуі күтіліп отыр. Осылайша, осы оқу жылындағы студенттердің жалпы саны 650 000 жуық адамды құрайтын болады. Өздеріңіз көріп отырғандай, 2020 жылдан бастап мектеп түлектерінің саны жыл сайын ұлғайып келеді. Сондықтан біз грант санын көбейттік", - деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек министрлік қосымша жоғары білімнің қолжетімділігін арттырудың басқа да тетіктері бар. Атап айтқанда, дифференциалды гранттар, жеңілдетілген кредиттер, "Ұлттық қор-балаларға" және "Келешек" бағдарламасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу