Жаңа оқулықтар бойынша дәріс өткізіледі

2305

Жаңа оқулықтар бойынша дәріс өткізіледі

Сынға іліккен орыс тілі кітабына қатысты арнайы дәріс өткізілмек. Жаңа мазмұнда шыққан кітаптың авторы Сабитова Зинаида ұстаздарға түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл туралы "Мектеп" баспасының директоры Ерлан Сатыбалдиев мәлімдеді.

Оқушыдан бұрын мұғалімдерге қиындық тудырған оқулықты қалай қолдану керектігі баспа сайтында жарияланып, сондай-ақ, автор апта сайын ұстаздармен тікелей байланысқа шығып отыратын болады. Ал, иентернет желісі жоқ шалғай ауылдар үшін түсіндірме жұмыстары "Өрлеу" орталықтарына тапсырылған. Сондықтан ауылдық мектеп мұғалімдері аудан орталығына ай сайын баруына тура келеді.

Бейбіткүл Кәрімова, "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры: "Ұстаздар арнайы жаңартылған мазмұн бойынша барлық өңірлерде Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы арнайы жаңартылған мазмұн бойынша мұғалімдерге курстар өткізді. Жаздай сол курстар өткізілді. Биыл 5-7 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер біліктіліктерін арттырған болса, келесі жылы жаңа мазмұнда 6-8 сыныптар өтеді.Ол мұғалімдермен де жұмыс жүргізіледі".

130 мыңнан аса басылыммен шыққан жаңа оқулықтар білім беру ұйымдарына жеткенше сараптаманың бірнеше сатысынан өтеді. "Оқулық" орталығың басшысы Бейбіткұл Кәрімованың сөзіне сенсек, 135 адамнан құралған комиссия өкілдері жаңа өнімге министрлік бекіткен нақты критерийлер бойынша сараптама жүргізген. 239 оқулықтың ішінен үздік деп танылған бұл кітаптар мамандардың айтуынша оқушылардың білімін жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, заманға сай жаңаша көзқарас қалыптастырып, өздігінен ізденіп шыңдалуына мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу