"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйек айынан 19 желтоқсанға дейін жаңа өнім астығының 3,9 млн тоннасы экспортталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Негізгі бағыттар бойынша жөнелтілім көлемінің едәуір артты:
- Өзбекстанға астық экспорты 35%-ға артып, 1315 мың тоннадан 1774 мың тоннаға жетті.
- Қырғызстанға жеткізілім көлемі екі есеге өсіп, 59 мың тоннадан 122 мың тоннаға дейін ұлғайды.
- Ауғанстан бағыты бойынша да айтарлықтай өсім байқалды: экспорт көлемі 36,8%-ға артып, 190 мың тоннадан 260 мың тоннаға дейін өсті.
Жаңа өнім астығы экспортының артуы дәстүрлі өткізу нарықтары тарапынан жоғары сұраныстың болуымен байланысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу