Жаңа парламент, Жаңа үкімет

980

1 жыл 2 ай. Бұл премьер-министр лауазымындағы ең қысқа мерзім рекорды болатын сияқты. Егер осы жолғы үкіметтің отставкасынан кейін Әлихан Смайылов орнын сақтап қала алмаса, әрине. Бұған дейін 1 жыл 5 ай министрлер кабинетін басқарған Иманғали Тасмағамбетов анти-рейтингті бастап келген еді. 

Жаңа парламент, Жаңа үкімет Фото: Almaty.tv

"Қаншама малдың саны болған. Соның бәрінен айрылып, жұрдай болып, азық-түліктің 40 пайызын Ресейден сатып аламыз. Бұл деген масқара ғой! Ондай үкіметтің  бір тиын құны", дейді Экономист Жангелді Шымшықов. 

Бұл  бар еңбек жолын экономика-қаржы секторына арнаған Әлихан Смайылов басқарған үкіметтің жұмысына берілген баға. Сарапшы тіпті "шетелдік тауарды сататын базарға айналдық" деп қатты сынап, үкіметті басқаратын адам үшін ұлттық мүдде бірінші орында тұруы керек,- деді.

"Кеңесшілері бармыз. Экономистер, техниктер бар, инженерлер бар. Оларды қасына жинап алып, кеңес сұрап алға жылжуға болады. Егерде жүрегің ұлт деп соғып тұрса. Сондай адам келсін. Сонда нәтиже болады", дейді Экономист Жангелді Шымшықов. 

Ал, белгілі саясаткер Дос Көшім "премьер-министр қазіргі құрамның ішінен таңдалады" деп отыр.

"Дағдарысты еңсере алатын премьер табылса да оны қоя ма, қоймай ма? Ол әңгіме әкімлішік-әміршілік бағыттағы билікке ұнайтын адам керек. Сондықтан сол таз қалпымызда қалатын сияқтымыз. Өкінішке орай. Кризистік менеджердің керек екені рас. Бірақ сол билікке келу жолы мүлдем бөлек", дейді Саясаткер Дос Көшім. 

Сонымен, су жаңа үкіметті кім басқарады? Осы сұрақ көптен көптің көкейінде жүргені анық. Қазір сарапшылар арасында "Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев келуі мүмкін" деген болжам айтылып жүр. Бұдан бөлек, қазіргі премьер-министрдің 6 орынбасары да басты кандидаттар екенін есте ұстау қажет. Олардың ішінде Серік Жұманғаринге бәс тігушілер көп болып отыр. 

Әрине, бірқатар министр де лауазымынан айрылуы ықтимал. Бір айта кетерлігі, 1 жыл 2 ай ғана үкіметті басқарған Әлихан Смайыловқа "тағы да мүмкіндік берілсін" десе, жаңа парламент не дер екен? Мәселе сонда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу