Жаңа пәтер алуды армандаған Өскемен тұрғыны алаяқтың алдауына тап болды

340

Жәбірленуші алаяққа мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп 7 миллион теңге қаражатын берген. 

Жаңа пәтер алуды армандаған Өскемен тұрғыны алаяқтың алдауына тап болды Фото: inbusiness.kz

24 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны досының қызметі үшін ақша бергеннен кейін сегіз айдан соң полицияға хабарласқан. Оның досы мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп уәде берді. Нәтижесінде алаяқтық құрбанының ақшасы да, жаңа баспанасы да болмады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап ұстаған. Ол өз әрекеттерін мойындаған.

Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі таңда, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу