Жаңа Рим Папасын таңдау рәсімі 7 мамырға белгіленді

138

Ватикандағы Сикстин капелласында жаңа Рим Папасын сайлау үшін конклав 7 мамырда басталады.  

Жаңа Рим Папасын таңдау рәсімі 7 мамырға белгіленді Фото: ncronline.org

Бұл шешім 28 сәуірде кардиналдардың жабық жиналысында қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Кардиналдар конклавты бастау және бүкіл әлемдегі 1,4 миллиард католиктер үшін жаңа понтификті сайлау күні ретінде 7 мамырды таңдап отыр.

Жалпы қауымдар – Папа Франциск қайтыс болғаннан кейін шіркеу мәселелерін және конклавқа дайындықты талқылау үшін жиі өткізілетін жабық жиналыстар.

Папа Франциск 21 сәуірде 89 жасқа қараған шағында инсульттен көз жұмды. Оның жерлеу рәсімі 26 сәуірде Әулие Петр алаңында өтті.

Қаралы жиынға 200 мыңнан астам адам қатысты. Папаның соңғы тілегі бойынша, Римдегі Санта-Мария-Маджоре базиликасында жерленді.

Конклавқа 80 жасқа толмаған 135 кардинал қатыса алады. Сайлау Сикстин капелласында өтеді, онда кардиналдар жабық есік жағдайында дауыс береді.

Ватикандағы Сикстин шіркеуі келушілер үшін жабылды. Өйткені мұнда жаңа Рим Папасын сайлау өтеді. Ол келесі аптада басталады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Шіркеуде мұржа орнатылу керек. Ол жаңа потификті таңдау кезінде қажет болады. Кардиналдар жиыны сәтсіз аяқталса, қара түтін шығады.

Ал, мұржадан ақ түтін шыққанда жұрт Рим-католик шіркеуінің дінбасы таңдалғанын түсінеді. Сайлаудың қашан аяқталатыны белгісіз. Ол бірнеше күннен бірнеше жылға дейін жалғасуы да мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу