Жаңа Салық кодексі 2025 жылғы шілдеге дейін қабылданады

786

Құжат аясында жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталады. 

Жаңа Салық кодексі 2025 жылғы шілдеге дейін қабылданады Фото: Aikyn.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров фискалдық саясат бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы фискалдық саясат бойынша, оның ішінде Салық кодексінің жобасы аясында бірқатар міндеттер қойды, оларды шешу қажет. Салық кодексінің жобасында берешек мөлшеріне қарай мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталады. Шамамен 5,0 млн теңге мөлшерінде берешек болған кезде кейінге қалдыру/бөліп төлеу көзделген. Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру мақсатында жобада тиімсіз салықтық жеңілдіктердің бір бөлігі алынып тасталды. Барлық берілген жеңілдіктерді салықтық есептілікте көрсету көзделетін болады", - деді министр.

Ведомство басшысы қайта бөлінудің жоғары деңгейіндегі өнімдері экспорттаушылар үшін корпоративтік табыс салығының 10% төмендетілген мөлшерлемесі көзделгенін жеткізді. Автомобиль өткізу пункттері бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін – 5, қалған 4 пункт келесі жылы пайдалануға берілмек.

Фискалдық саясат бойынша қосымша келесі мәселелер пысықталады:

  • жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемесін белгілеу;
  • банк секторы акционерлерінің дивидендтеріне әділ қосымша салық салу;
  • салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру;
  • кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру;
  • салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру, оның жазалау тәсілінен бас тарту;
  • цифрлық теңгені пайдалана отырып, қосымша құн салығын әкімшілендіру тетігін енгізу.

"Жаңа Салық кодексін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізе отырып, 2025 жылғы шілдеге дейін қабылдау ұсынылады", - деді Нұрлан Байбазаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу