Жаңа Салық кодексі әзірленеді

798

"Жаңа Салық кодексі "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, сарапшылардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірленуі тиіс".

Жаңа Салық кодексі әзірленеді

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жаңа Салық кодексі ағымдағы ахуалдың сын-қатерлеріне дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі құралына айналуы тиіс. Фискалдық саясатты одан әрі жетілдіру салықтық әкімшілендірудің түсінікті, нақты және ашық рәсімдерін белгілей отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыруға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, салық базасын кеңейтуге және бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға бағытталуы тиіс", – деді Смайылов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу