Осы жылы 1200-ден астам жоспарлы тексерулер болуы керек, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
"Келесі жылдан бастап жаңа Салық кодексін енгізе отырып, бізде жоспарлы тексерулер жойылады. Тексерулер, төлем жасамау қаупі бар ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі", - деді спикер.
Жалпы тексеру жүргізу салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматқа ауыстырылады.
"Салық төлеуші Мемлекеттік кірістер органдарымен тексеруге нұсқамалар берілген кезде бір рет кездесуі мүмкін. Барлық басқа рәсімдер: құжаттарды, талаптар, түсініктемелер ұсыну - бәрі онлайн-форматқа ауыстырылады", - деді спикер.