Жаңа Салық кодексі жобасында сән-салтанат салығы туралы норма болады

278

Құжат күзде Парламенттің қарауына енгізілмек.  

Жаңа Салық кодексі жобасында сән-салтанат салығы туралы норма болады Фото: gov.kz

Жаңа Салық кодексі жобасында сән-салтанат салығы туралы норма бар. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев журналистермен өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа Садық Кодексі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс Ұлттық экономика министрлігінің төрағалығымен жүргізілуде. Әкімшілік реттеу саласындағы жұмыспен айналысып отырмыз. Қыркүйекте кодекс жобасын Мәжілістің қарауына енгіземіз. Сән-салтанат нормасы құжатта бар. Салық кодексінің жобасын тамыз айында таныстыратын шығармыз. Қазіргі Салық кодексі екі бөліктен тұратынын білесіздер", - деді министр.  

Журналистер ведомство басшысынан жаңа Салық кодексін әзірлеуге шетелден сарапшылар тартыла ма деп сұрады.

"Кодексті өз күшімізбен жазып отырмыз. Бизнес, кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бар дегендей. Жаңа Салық кодексі жобасына қаржы бөлінген жоқ", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу