Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "Жаңа Салық кодексіндегі салық саясаты" тақырыбындағы баяндамасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстарына мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, "Атамекен" ҰКП, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері белсенді қатыстындығын айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда 1000-ға жуық ұсыныс түсті. Барлық мәселелер апта сайынғы кестеге сәйкес тұрақты жұмыс тобының қарауына шығарылады. Жыл басынан бері 230-дан астам жұмыс кездесуі өткізілді", – деді министр.
Оларға бизнес-қоғамдастықтың 140-тан астам өкілі, салық салу саласындағы сарапшылар, экономистер қатысты, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері тартылды.