"Ұлттық жоспарға сәйкес, бізде келесі жылдың қыркүйек айына дейін уақыт бар, бірақ қазір талқылау барысында біздің сарапшылар мен шетелдік сарапшылар толық әзірлеу мен толықтырулар үшін кемінде бір жарым жыл қажет екенін айтып отыр. Біз белгіленген мерзімде орындауға тырысамыз, алайда алдағы жарты жылда белсенді жұмыс жүргізуіміз керек және бұл жұмыста осы мәселенің жан-жақты шешіліп, талқылануы үшін сіздердің қолдауларыңызды сұраймыз. Берілген тапсырма бойынша оның 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізілгені жақсы", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Өз кезегінде Әшімбаев бұл құжатты жан-жақты пысықтау керектігімен келісті.