Жаңа Салық кодексін іске асыру шеңберінде бюджетке 3,5 трлн теңге түсімдер күтілуде

147

Жалпы экономиканың өсуіне байланысты түсімдер де ескеріледі. 

Жаңа Салық кодексін іске асыру шеңберінде бюджетке 3,5 трлн теңге түсімдер күтілуде Фото: gov.kz

Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин бюджетке қосымша түсімдер бойынша күтіліп отырған көрсеткіштерді таныстырды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, қосымша түсімдердің негізгі көздеріне ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру, банктер үшін корпоративтік табыс салығын 25%-ға дейін ұлғайту, алкоголь, темекі және бензинге акциздердің өсуі, сондай-ақ салық жеңілдіктерінің қысқаруы кіреді.

"Алдын ала есептеулер бойынша жаңа Салық кодексін енгізуден қосымша 3-3,5 трлн теңге күтеміз. Сонымен қатар жалпы экономикалық өсімнен түсетін түсімдер ескеріледі", - деді Азамат Әмрин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу