Жаңа Салық кодексінде кімдер ҚҚС төлеуден босатылатыны белгілі болды

364

Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі 16% болып белгіленді.

Жаңа Салық кодексінде кімдер ҚҚС төлеуден босатылатыны белгілі болды Фото: freepik

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов Жаңа Салық кодексінде кімдер ҚҚС төлеуден босатылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Қосымша құн салығынан Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрілік заттарды сату, медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ Үкімет белгілейтін тізім бойынша сирек (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу босатылады", – деді Жәнібек Нұржанов елордада өткен семинарда.

ТМККК және МӘМС аясында көрсетілетін дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге қатысты жеңілдіктер жеке қарастырылған. Олар салық салынбайтын қызметтерге жатады, соның ішінде сирек кездесетін ауруларды емдеу де бар.

Келесі жылдан бастап тұрғын үй нарығы ҚҚС төлеуден босатылмайды. Бұл талап осы мерзімге дейін басталған құрылыс нысандарына ғана қатысты емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу