Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

1659

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер таныстырылды

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов салық төлеудің жаңа моделін ұсынды. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді. Жаңа Салық Кодексіне енгізуге ұсыныслған құжаттарда шағын және орта бизнес субъектілері үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту қаралған. Оның ішіндегі бұрын төленген салық сомаларының қайтаралуы және қосымша есептелуі мүмкін, - деді министр. 3 топқа бөлінген салық тлеушілерге қатысты талаптар да әртүрлі болмақ. "Жасыл топ" деп аталатын бірінші топтағыларға есептілікті ұсыну, берешекті өтеу мерзімдерін өзгерту сияқты жеңілдіктер қарастырылған. Тәуекел деңгейі орташаларға хабарламалар жіберіліп, талап орындалмаса шара қолданылады. Ал үшінші "қызыл аймақ" делінген топқа тәуекелі жоғары, яғни заңды белінен басқан салық төлеушлер жатады. Міндеттемелерді орындамаған жағдайды оларға мемлекеттік кірістер органдары бірден назарға алып қатаң жаза қолданбақ.

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі: "Айта кету керек. Салық төлеушілерді категориямен жіктеу жасырын және жабық түрде жүргізіледі.Біз салық төлеушілерге тәуекел деңгейі төмен "жасыл аймаққа" ену үшін бағдар болатын "ашық критерийлерді" көздейтін және "қызыл аймаққа" түсіп кетуді ескертетін аралас модельді енгізуді ұсынамыз. Өздеріңізге белгілі болғандай көптеген кәсіпкерлер үшін компанияны жабу оны ашуға қарағанда әлдеқайда күрделі. Бұл жағдай жұмыс істемейтін салық төлеушілердің көбейіп кетуіне әкеп соқтырды. Осыған байланысты заң жобасында оларды мәжбүрлі түрде тарату үшін негізгі шарттар берілген"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу