Қазақстанда жаңа салынған үйлердің бағасы бір жылда 20%, ал бұрын пайданалуға берілген үйлер 28% өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биыл сәуірде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасы 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы сәуірмен салыстырғанда 22,2% артты", - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.
Бір айда (биыл наурызбен салыстырғанда) бұрын пайданалуға берілген пәтерлер бағасы 1,8% өсіп, бір шаршы мерті 459 мың 137 теңге болды.
"Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8%-ға жоғарылап, бір шаршы метріне 412 мың 315 теңге және 3 561 теңге болды", - деп жазылған хабарламада.