Жаңа Су кодексінің жобасы парламентке 2023 жылы ұсынылады

739

Еліміздің жаңа Су кодексінің жобасы әзірленуде, құжатты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында парламентке беру жоспарлануда.  

Жаңа Су кодексінің жобасы парламентке 2023 жылы ұсынылады

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз жаңа Су кодексін әзірлеу жұмыстарын бастадық, келесі жылдың бірінші жартысында жаңа кодексті парламентке ұсынуды жоспарлап отырмыз", – деді Серікқали Брекешев парламенттік тыңдау барысында.

Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошановтың айтуынша, бұл құжат таяу уақытта депутаттардың қарауына ұсынылуы тиіс. 

"Бүгінгі менің қолымда бар ақпаратқа сәйкес, бұл кодексті министрлік әзірлеуде, оны жақын арада енгізу керек және ең бастысы, кодекс су ресурстарын үнемдеуге және оны тиімді пайдалануға бағытталуы керек", – деді спикер. 

Еске сала кетсек, Ерлан Қошанов Қазақстанда 2040 жылға қарай су тұтыну 46%-ға артатынын мәлімдеді. Бұған халық санының өсуі, экономикалық даму ерекшеліктері және басқа да бірқатар себептер ықпал етеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу