Жаңа тағайындалған омбудсмен эвакуацияланған балалармен кездесу үшін Абай облысына барады

565

Бұл туралы ол бүгін өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Жаңа тағайындалған омбудсмен эвакуацияланған балалармен кездесу үшін Абай облысына барады Фото: https://www.facebook.com/dinara.zakiyeva

Бүгін тағайындалған ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева эвакуацияланған балалармен кездесу үшін Абай облысына аттанбақ. 

"Бүгін Мемлекет басшысы мені Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындады.

Қасым-Жомарт Кемелұлының маған артқан сенімі үлкен жауапкершілік деп білемін.

Бұл - балалық шақты қорғау, отбасыларды қолдау саласындағы жағдайды жақсартуға таптырмас мүмкіндік. Бұған бар күш-жігерімді саламын.

Қазір жекеме сұрақтар мен ұсыныстар келуде. Ұсыныстарыңыздың барлығын да қарастырамын деп уәде беремін. Әрдайым ашықпын. Осы жерге жеке телефон номерімді қалдырамын. (тел: 8 705 884 70 40) Өтініш, хабарламаны жазба түрінде тек уатсапқа қалдырсаңыздар. Міндетті түрде жауап беремін", деді Динара Зәкиева.

Сондай-ақ ол сөзінде бүгін эвакуацияланған балалармен кездесу үшін Абай облысына жол жүретінін жеткізді.

"Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы өрттен зардап шеккен отбасыларға жәрдемақы тағайындау, балаларды оқыту мәселесі бойынша арнайы тапсырма берген болатын.

Бүгін өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің балаларымен және эвакуациялық пункттердегі балалармен кездесу үшін Абай облысына барамын.

Бала баршамызға ортақ. Бала-бақытымыз. Баланың құқығын қорғау әрқайсымыздың міндетіміз.

Әрбір бала ата-анасының бүгінгі жағдайына қарамастан бақытты болуға лайықты. Менің жұмыстағы басты ұстанымым осы", деп жазды ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Динара Зәкиева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу