Бүгін парламент отырысының кулуарында жаңа сайланған қаржы министрі Мади Такиев тілшілердің сұрағына жауап беріп, қанша айлық алатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол тілшілердің “жалақыңыз туралы ақпарат алдыңыз ба” деген сұрағына жауап берді.
"Жалақым қанша болатынын білдім. Бізде мемлекеттік қызметкерлерге бірыңғай кесте бар. Кестеге сай аламын. Миллионнан сәл жоғары, миллион немесе еңбек өтілімді ескеріп бір жарым миллион аламын”, – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу