Жаңа Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

199

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жаңа Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болған Камалов Рамиль Фаткулович Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі арнайы жоғары.

Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылғы қыркүйектен бастап қызмет атқаруда. Мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу