Алматыда жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Өткізілген іс-шаралар барысында алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың тууы туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды.
Бұл дерек бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу