Жаңа туған егіз сәби шалғайдағы ауылдан Павлодарға тікұшақпен жеткізілді

113

Нәрестелер қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Жаңа туған егіз сәби шалғайдағы ауылдан Павлодарға тікұшақпен жеткізілді Фото: Бейнежазбадан

Жаңа туған егіз сәбилер ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Шарбақты ауылынан Павлодар қаласына жаңа туған егіз сәбилерді шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тікұшақпен тасымалдады. Бортта кішкентай науқастарды санавиация дәрігерлерінің бригадасымен сүйемелдеу жүзеге асырылды.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында ұшу сәтті өтті. Өткен түні дүниеге келген егіздер медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта мамандардың бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу