Жаңа туған нәрестенің өліміне дәрігерлер кінәлі

3786

Атырау облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері мен акушер-геникологына қатысты ҚК "қасақана адам өлтіру бабы" бойынша іс қозғалған.

Жаңа туған нәрестенің өліміне дәрігерлер кінәлі

Жаңа туған нәрестенің өліміне дәрігерлер кінәлі. Пара алды және берді деген күдікке ілінген Атырау облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевқа қатысты осындай жаңа дерек анықталды.

Нақтырақ айтсақ, сәби дүниеге келгенде одан ешқандай тіршілік белгісі байқалмаған. Сол себепті әйелді босандырған акушер-гинеколог құжатты "бала өлі туылды" деп толтырған. Ал, салқындатқыш камераға салар алдында шақалақ аяғын қимылдатқан көрінеді. Бірақ бұдан хабардар болған бас дәрігер оны аман алып қалуға ешқандай да әрекет жасамапты. Қазіргі таңда Қуаныш Нысанбаев пен орталықтың акушер-геникологына қатысты ҚК "қасақана адам өлтіру бабы" бойынша іс қозғалған.

Сондай-ақ, тексеріс барысында соңғы екі айда 40-тан астам бала өлімі тіркелгені анықталған. Медицина саласында болып жатқан сорақылыққа қатысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да айтарға сөз таппады.

Дәрігерлерге кәсіби этика пәнін терең оқыту керек. Бұл Атырауда тірі туған сәбиді тоңазытқышта тұншықтырып өлтірген ақ халаттыларға қатысты айтылған пікір. Елордада өтіп жатқан адами құндылықтардың негізі тақырыбындағы конференцияда қатысушылар  осындай ұсыныс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу