Әйелдің толғағы қысып, жаңа туған сәби дәретханаға түсіп кеткен

3667

Абырой болғанда нәресте аман қалды. 

Әйелдің толғағы қысып, жаңа туған сәби дәретханаға түсіп кеткен Фото: видео скриншот

Оқиға Өзбекстанның Самарқанд облысында болған. Жаңа туған сәби дәретханаға құлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

NOVA24.uz басылымының жазуынша, 3 наурызда әлеуметтік желіде Нурабад ауданындағы қоғамдық дәретханада нәресте түсіп кеткені туралы ақпарат тарады. 

Мәліметтерге сүйенсек, оқиға жедел медициналық жәрдем қызметінің дәретханасында орын алған. Дәретханаға кірген әйелдің толғағы басталып, ол әлсірегеннен кейін есінен танып қалған. Бұл кезде нәресте канализациялық траншеяға түсіп, кептеліп қалған.

Шұғыл қызметтердің келуіне дейін аудандық ІІБ қызметкерлері шұңқыр қазып, бір сағат ішінде нәрестені шығарып, оны дәрігерлерге тапсырған. Куәгерлер нәресте аман қалды деп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу