Жаңа туған сәбиін сатпақ болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

646

Әйел адам жүктілігінің жетінші айында әлеуметтік желіде тиісті хабарландыру жариялаған. 

Жаңа туған сәбиін сатпақ болған Алматы облысының тұрғыны ұсталды Фото: google.com

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Алматы облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған сәбиді сату дерегін анықтады. Тексеру барысында облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сататыны туралы хабарландыру орналастырғаны, сатып алушыларды іздеумен айналысқаны анықталған. Ол баласы жоқ ерлі-зайыптылармен кездесіп, биылғы қазан айында оларға жаңа туған нәрестені одан әрі асырап алу мақсатында заңсыз береді. Бұл факт "кәмелетке толмаған балаларды сату" бабы бойынша СДТБТ-да тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Тағы бір дерек Шымкент қаласында тіркелді.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы әйелдің сәбиін сатып алғысы келетіндерді іздеумен айналысқанын, делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқанын анықтады. Дерек Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдіктінің осыған дейін бірнеше рет алаяқтық жасағаны, қарызға белшесінен батқаны анықталып отыр. Ол қамауға алынды", - деді ІІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу